Bugin

“Қаза болғандар бар”: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жетісу облысында болған жол апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға 11 қазанда Жетісу облысы Текелі қаласының Әуезов көшесінде болған. 

Апаттың салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

"Сіздерді, әсіресе, ауа райы нашарлаған кездер рөлде барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.