Bugin
Фото: Инстаграм: sana.forum
Алматы төрінде кәсіпкерлер бизнесті қазақша сөйлетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеше, 13 қазан күні Алматыда қазақ кәсіпкерлерінің басын қосып, бизнес саласында қазақ кәсіпкерлерінің мүддесін біріктірген форум — “Sana Business Forum 2.0” өтті. Бұл форумда қазақ кәсіпкерлері екінші жыл қатарынан жиналып отыр.
Форумда белгілі кәсіпкерлер мен экономистер спикер болды. Мақсат Халық, Ерлан Андаспаев, Гүлбану Майгарина, Исламбек Салжанов, Аятжан Ахметжанұлы, Әбдулқасым Сойырқас, Болатбек Дәлелханұлы, Айгүл Қуатқызы, Арслан Назарали, Асхат Халимов, Абдинұр Сұлтанғалиев, Шыңғыс Мұқан, Айболат Құлатай, Мәди Фазл, Айжұлдыз Адайбекова, Дәулет Мұқаев, Қазыбек Батыр, Тельман Нағашыбай, Алмас Қылыш, Асхат Нұрмашев, Аманбай Ибадулла, Әділет Бағдат сынды еліміздің үздік кәсіпкерлері мен экономист мамандары қатысып, қазақ кәсіпкерлеріне бағыт-бағдар берді.
Мысалы 62 ресторан, 10 құрылыс үстінде, 5 мемлекетте жұмыс жасайтын қазақтың брендіне айналған Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы - Гульбану Майгаринакөшбасшы қандай болу керегін үйретті.
Ал Қазақстандағы Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы Ерлан Андасбаев кәсіпкерлерді адал жолмен жұмыс істеуге шақырды.
“Фирманың лидері қандай болса, бүкіл кәсіпорын құндылығы сондай болады”, - деді ол.
Бұл ана тілінде елімізде сапалы білім беруге және еңбек нарығында табысты бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жасалған батыл қадам екенін мәлімдеді.