Bugin

Астанада 4 адам 19 жастағы жігітті жабылып өлтіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада 4 адам жабылып 19 жастағы жігітті өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қайғылы оқиғаны полиция растады. Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам ұлын қинап өлтірген. Кейін жоғары қабаттан лақтырып жіберген.  

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда 102-ге ер адам өлі табылғаны туралы хабар түскен. 

"Полицейлер оқиға орнына келіп, қаза тапқан адамның кім екенін анықтады. Алматы ауданының полиция басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.