Bugin
Фото: ІІМ
14 қазанда мерзімді әскери қызметші Приозёрск гарнизонының әскери бөлімінде өз-өзіне қол жұмсады жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әскери бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол күзет қызметінде болған кезде қарумен өз-өзінің басына оқ атқан. Анықталғандай, ер адамға әскери қызмет мерзімін аяқтауға небәрі 2 апта қалған екен.
Ведомство марқұмның іс-әрекетін әскери қызметпен байланыстырмады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжалдың салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.