Bugin
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты мәләмдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрдің сөзінше, аналары 2 рет тұрмыс құрған. Сондықтан бұл отбасыдағы балалардың тегі әртүрлі болған.
"Бірінші некесінен үш бала, екінші некесінен екі бала. Ең кішісі бір жаста. Мамырда балалардың анасы көпбалалы ана деген атақ алып, Күміс алқа иесі атанған. Бірінші некеден ресми түрде ажырасқан. Жазда үш жүз мың теңгеден аса алимент алған. Әлеуметтік көмек екі тоқсан берілген. Ол жергілікті дүкенде жұмыс істеген, бірақ сол күні қалаға кеткен. Неге кеткені тергеу аясында айтылмайды. Бірақ сол күні үйге 1995 жылғы ер адам келіп, кешкі сағат тоғыз шамасында пеш жағып, кетіп қалғаны рас. Анасы оны балалар тоңып қалмасын деп жіберген", – деді ведомство басшысы.
Еске салайық бұған дейін Қостанай облысында 5 бала тірідей өртеніп кеткенін хабарлаған едік.