Bugin

Астанада грепплингтен әлем чемпионаты өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионаты болды. Турнир 7-12 қазан аралығында өттң, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Grappling және Grappling G жарыстары жас санаттары U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында өтті. 

Турнирге әлемнің 30 елінен 1300-ден астам спортшы қатысты.

“Қазақстанда грэпплинг барынша қарқынды дамып келеді, әлемдік деңгейде біздің еліміз негізгі ивенттерді алып жатыр және бұл соңғы спорттық жетістіктермен тікелей байланысты. Қазақстан 2017 жылдан бастап Азия континентінде грэпплинг бойынша сөзсіз көшбасшы болып саналады, сондай-ақ әлемдік рейтингтер көшбасшыларының үштігіне кіреді”, – деді ҚР Грэпплинг Қауымдастығының президенті, грэпплингтен ҚР Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қанат Алин. 

Астанада грепплингтен 2023 жылғы Азия чемпионаты өткен болатын. Енді осы жылы барлық жас тобын қамтитын 15, 17 және 20 жасқа дейінгі жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты өтті.