Bugin
Фото: freepik.com
Астанада ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанада “Жаңа адамдар” тобы жас қыздың атына жалған парақша ашады. Кейін оған жазушылар бірден көбейеді. Көбі ер адамдар. Олар ашық түрде қызға қырындай бастайды. Ал Нариман есімді 24 жастағы жігіт қызды жыныстық қатынасқа итермелеу мақсатында хабарламалар жазады. Жігітке қыздың кәмелет жасына толмағаны қызық болмаған.
Ол қызды киноға шақырады. Бірақ кездесу нүктесіне бір топ белсенді барған. Алдын ала мәлімет бойынша, Нариман астаналық тұрғын болып шықты.