Bugin

Жалған дыбыс пен түр: Алаяқтар халықты жаңа тәсілмен алдап бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастырып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Антикордың мәліметінше, жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеп жатыр. 

Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген. 

Айта кету керек, “Халық заңгері” республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі. 

Антикор халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.