Bugin
Фото: freepik.com
Павлодар тұрғыны 16 жылдан бері психоневрологиялық орталықта еш себепсіз жатқан. Ол бұл орталыққа 2008 жылы сот шешімімен орналастырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.
“Прокуратураның араласуынан кейін ғана мамандар оның денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған”, - дейді прокуратурада.
Осыған байланысты құзырлы орган сот-психиатриялық сараптама жүргізіп, азаматты әрекетке қабілетті деп таныды. Психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды.