Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Шерзат Болаттың ісіне қатысты ІІМ-нің бірінші орынбасары тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, жанжал сыра бөтелкесі үшін басталмаған. Ол тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар Шерзаттың ісінен бөлек, тағы бір қылмыстық іс қозғалды.
Жаңа қылмыстық іс күні кеше тарап кеткен видеоға байланысты қозғалған.
"Видеоға қатысты айтарым, кеше әлеуметтік желіде пайда болды. Біз өзіндік қауіпсіздік қызметі сол бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл видеоның әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін анықтауымыз керек", - дейді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бүгінгі брифингте.
Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың үйін өртегендер туралы тың дерек шыққанын хабарлаған едік.