Bugin
Фото: freepik.com
“Реал Мадрид” және Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тараған деректер бойынша, француз Киллиан Мбаппе ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға келген. Ол келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң, полицияға Мбаппе тұрған қонақүйде зорлау туралы арыз келіп түскен. Жергілікті басылымның мәліметінше, Килиан Мбаппе күдіктілердің бірі екені айтылды. Полиция қонақ үйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады.