Bugin
Фото: ашық дереккөзден
“Буынсыз адам” атанған Айдос Тоқтарбайдың соңғы видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өнерпаз видеода тамағына қылыштың ұшы тигенін айтқан.Сөзінше, қан түкіріп, қызуы көтеріліп кеткен көрінеді.
“Тамақты көрдіңіздер ме? Кеше тойда қылыштың ұшымен кесіп алдым. Қан түкіріп жатырмын, кәдімгідей. Температурам көтеріліп тұр", – деп айтқан марқұм соңғы бейнежазбасында.
Жазушы Бейбіт Сарыбай да өнерпаздың өз өнерінен ажал құшқанын жазған.
Еске салайық, бұған дейін танымал өнерпаздың қаза болғаны туралы хабарлаған едік.