Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіт басына мәрмәр тас орнатып, қабірді темірмен қоршауға тыйым салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президенттің айтуынша, бейіт қоршауы тек ағаштан жасалуы тиіс екен. Әрі оның биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек. Марқұмдарды еске алу үшін үйде құран оқу жеткілікті. Ал бейітке биік кесенелер соғуға болмайды.
Мұсылмандар діни басқармасы алдағы уақытта жерлеу рәсімдері, қабір салу, ескерткіш орнату туралы арнайы пәтуалар шығармақ. Онда ас беру тәртібі де қамтылады. Қырғызстан билігі жаңа заң ысырапшылдыққа жол бермеу үшін қабылданғанын атап өтті.