Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауда тұрған ұлының тойда отырған видеосы тараған еді. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сот қаулысымен оның ұлына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол алғаш рет тәртіп бұзып отырған жоқ.
Журналистер депутаттан ұлының Алматыға тойға барғанын біле ме деген сұрақ қойды.
"Білген жоқпын. Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі... Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады", - деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.
Тұрлыханов ұлының бас бостандығынан айырылуы туралы алаңдайтынын айтты.
"Ол небәрі 21 жаста. Неге оны бас бостандығынан айыруымыз керек? Не үшін? Сағат 20:30-да ол әріптестерімен отырды. Ішпейді. Оны бірден түрмеге жапсақ, тәрбие емес қой", - деді депутат.
Депутат ұлына күнде түрлі адамдар жазып, мазасын алатынын айтты.