Bugin

Sim-карта сатуға шектеу қойылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Елімізде SIM-карта сатуға шектеу қойылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков Мәжіліс отырысында айтты. 

Абоненттік нөмірді енді eGov порталы арқылы ғана алуға болады. Әрі бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. 

Министрдің мәліметінше, осылай алаяқтықтың алдын алуға болады екен.  Қажет болған жағдайда көп SIM-карта пайдаланатындар оны не үшін қолданатынын түсіндіруі керек.