Bugin

Алматыда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бүгін, 17 қазан күні таңға жуық Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мамандар жер сілкінісі 2 балл болып сезілгенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.

"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 2024 жылғы 17  қазан Астана уақытымен 03:23-те жер сілкінісі тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр алматылықтар бірнеше рет жер сілкінісін сезді.