Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов беті көгеріп, мұрны сынған жағдайға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеріп, мұрнының сынуы 4 қазанда болған оқиғадан дейді.
“Салыстырылып отырған фотолар әртүрлі жарықта, бұрышта және уақыт аралығында түсірілген. Сынған мұрын – бұл 4 қазанның сол қайғылы түнінің салдары. Каржаубай ұлын қорғауға тырысқан кезде мұрны сынған. Енді анатомия тұрғысынан қарасақ, бетке тиген кез келген соққылар біраз уақыт өткен соң ісіп, көгерулер пайда болады. Бұл әртүрлі факторларға – соққының күші, тері типі, тамыр құрылымы, жас және терінің жалпы күйіне байланысты. Сондықтан расталуы немесе расталмауы тиіс дәлелдерді зерттейтін арнайы сарапшылар бар", - делінген видеода.
Шерзаттың әкесі сенімді деректерге ғана сенуді сұрады.