Bugin
Фото: Larastock
Жамбыл облысында 13 жасар қызды кішкентай кезінен бері туыс екі ағасы зорлап келген. Қыз бұл туралы мектеп психологына хабарлауға тырысқан, бірақ ол оны елемеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.
Закиева қазір өңірлік уәкілмен бірге аталмыш іс бойынша жұмыс атқарып жатқанын жазды.
Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы екі туыс ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр, - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Сондай-ақ, ол лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін прокуратураға жүгінген.
Қыз оқыған мектеп - ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада белгі берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеген. Лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгіндім, - деп жазды Динара Закиева.