Bugin
Фото: freepik.com
Астанада “Дубай” шоколадын сатамын деп, жұрттың ақшасын жинап алып, із-түссіз кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алаяқтарға алданған адамдар полицияға арыз дерген. Алаяқтар тәттіні нарықтағы бағадан арзанға ұсынып, әлеуметтік желі арқылы жарнамалаған.
Полицияға арызданған азаматтың бірі бір шоколадты 15 мың теңгеге сатып алмақшы болған. Алайда ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған.
Құқық қорғау органы осы іс бойынша 2 адамды қолға түсірді. Олар өз кінәсін мойындаған.