Bugin

Келіншектің көршісіне істеген ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, Төлеби ауданында полиция бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады. Белгілі болғандай, күдікті келіншек көршісінің үйіне күндізгі уақытта ұрлыққа түскен. Ол үй иелері жоқ сәтті пайдаланып, ашық қалған пластик терезе арқылы ішке кіріп, ас бөлмеде тұрған Redmi телефонын жымқырып кеткен.  

Полиция қызметкерлері аталған жас келіншектен 3 ай бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады. Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған.