Bugin

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20, 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайы Bugin.kz порталы. 

Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі.