Bugin

“Мұра бөліскісі келмеген”: Әпкесінің інісіне жасаған озбырлығы елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақмола облысында әпкесі анасынан қалған мұраны інісімен бөліскісі келмей, жасырын құжат дайындаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әпкелі-інінің анасы көз жұмғаннан кейін ер адам мұрагер болуы керек болған.  Бірақ  туған әпкелерінің бірі нотариустан бұл ақпаратты жасырып қалған. Әйел 6 айдан соң анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне ғана алған.

Осылайша өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырған. Сот бұл куәлікті жарамсыз деп шешім шығарды.