Bugin
Фото: freepik.com
Ақмола облысында әпкесі анасынан қалған мұраны інісімен бөліскісі келмей, жасырын құжат дайындаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әпкелі-інінің анасы көз жұмғаннан кейін ер адам мұрагер болуы керек болған. Бірақ туған әпкелерінің бірі нотариустан бұл ақпаратты жасырып қалған. Әйел 6 айдан соң анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне ғана алған.
Осылайша өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырған. Сот бұл куәлікті жарамсыз деп шешім шығарды.