Bugin

Семейде жаңа туған нәрестені қоқыстан тапқан қыз әділетсіздікке ұшыраған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Семейде жаңа туған нәрестені жанып жатқан қоқыстан тапқан қыздан тергеушілер жүкті емес екенін растайтын анықтаманы талап еткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайды баяндады. 

"Мен баланы тапқаннан кейін, маған гинекологтан жүкті болмағаным туралы анықтама сұрады. Мен жаңа туған нәрестені өртеп, өзім жедел жәрдем шақырмайтын шығармын?" - деді ол.

Қыздың айтуынша, ол енді гинекологқа бұл баланы дүниеге әкелмегенін дәлелдеуге мәжбүр. 
Еске салайық, бұған дейін жанып тұрған қоқыс жәшігінен бір күндік нәрестенің табылғанын хабарлаған едік.