Bugin

Қыз зорлаған күдікті өз-өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik

Ақтөбе облысында педофилияға қатысы бар күдікті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өзіне қол жұмсаған адамның жасы туралы да, оның тергеу изоляторына қашан орналастырылғандығы туралы да, оны осындай қадамға итермелеген себептер туралы да ақпарат жарияланбайды. 

Белгілі болған жағдай, марқұм 16 жасқа толмаған қызды зорлау бойынша күдікке ілінген. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өзіне қол жұмсаған азаматтан зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін имам бала қағып өлтіргені туралы хабарлаған едік.