БІЛІМ

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ДА MAZMUNDAMA АШЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Қырғызстанда да Mazmundama ашылды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Жоба авторларының айтуынша, осы іспен алты айдан бері айналысып келген.

Қырғыз халқы да қазақтар секілді өз тіліндегі заманауи кітаптарға мұқтаж. Нарықтағы кітаптардың дені орыс тілінде. Жастар жағы, Бішкектен өзге өңірдің тұрғындары орыс тіліндегі кітаптарды оқымайды. Заманауи әрі қырғыз тіліндегі кітапқа қолы жетпеген қоғам дағдарысқа ұшырайды.

"Қырғыз бауырлар біздің тәжірибемізді зерттеп, біздің жолымызды Қырғызстанда жалғастырмақ. Бәрін көрсеттік, үйреттік. Шетелден құқығын сатып алған балалар арналған кітаптарымызды бердік. Олар қазақшадан қырғызшаға оп-аңай аудара қойды",- дейді жоба авторлары.