Bugin
Фото: ҰҚК
Теракт жасамақ болған Ақтау тұрғыны 18 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҰҚК мәліметінше, ер адам жарылғыш құрылғы мен оған қажетті заттарды сатып алған. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.
Сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.