Bugin

“Хутор” бандасы туралы айтқан Шерзаттың көршісін полиция әкетіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

“Хутор” бандасы туралы мәлімет айтқан тұрғынды полицейлер ұстап әкетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналист Асхат Ниязов “Обожаю" YouTube-арнасына Талғардағы соңғы уақытта болған жағдайларға қатысты видео жариялады. Асхат Ниязовқа "Хутор" бандасы туралы айтқан адамды полиция ұстап әкетіп, психиатриялық ауруханаға жеткізген.

“Дәл қазір полицейлер Талғар туралы эпизодтың кейіпкерлерінің бірін ұстады. Ол психиатриялық ауруханаға жеткізілді”, – деді журналист. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Шерзат Болаттың көршісі әрі отбасылық досы екен. Ұсталған азаматпен сұхбат көліктің ішінде жазылған. Себебі сыртта тұрып сөйлесу қауіпті болған.

Еске салайық, бұған дейін хуторлық Хасан алғаш рет сұхбат бергенін хабарлаған едік. 

Әрі Хасанның ағасы Шерзаттың өлімінен кейін қызметінен босағанын да жаздық.