Bugin

“Інім түрмеде 14 жыл отырады”: атышулы Хасан алғаш рет сұхбат берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Orda.kz журналистіне Хасан Қасымбаев сұхбат берді. Ол Шерзаттың өліміне қайғырғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Хасан шу болып жатқан Т.Рысқұлов ауылынан 2015 жылы көшіп кеткенін мәлімдеді. 

"Руым–Албан. Алматы облысы Кеген ауылында 1984 жылы дүниеге келдім. Әкемнің жұмыстарымен Талғар ауданы Рысқұлов ауылына көшіп келдім. Осы ауылда 11-сыныпты бітірдім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия факультетінде оқыдым. Кейін Қызылорда облысына жұмысқа бардым. 2011 жылы қайта Талғарға келдім. Содан бері кәсіппен айналысамын. Кейін 2015 жылы Талғар қаласына көшіп кеттім”, - деді ол. 

Хасан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Шерзаттың қазасына қайғыратынын жеткізді. 

“Мен әлгі күнге дейін түсінбеймін, неге олай деп жатқанын. Себебі мен адал жұмыс істеп жүрген адаммын. Адамдар жалғыз мені ғана емес, бауырларымды да қаралап жатыр. Туған ағам Аслан Қасымбаев әкім аппаратында жұмыс істейді. Полицияда, прокуратурада туыстарым жоқ. Ержан деген інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл тақырып мен үшін ауыр, оны қозғамай-ақ қойыңыз”, - деді Хасан. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзаттың өліміне хуторлық Хасан Қасымбаевтың қатысы бар деген ақпарат тарады.