Bugin

Құлдықта болған оқушыны зорлағандар арасында кәмелетке толмағандар да болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісіне байланысты тағы 11 күдікті анықталды. Оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қызылорда облысының полиция департаменті Қызылордада сексуалды құлдықта болған қыздың ісін тексеріп жатыр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау, бопсалау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру, азаптау, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша істі қарап жатыр. 


"Қылмыстық істердің тоғыз қатысушысы қамауда. Екеуіне "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олардың арасында бес кәмелетке толмаған бала бар. Істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы мен ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде", – делінген ІІМ-нің жауабында.

Сонымен қатар ведомство сот тыңдауы мен ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде екенін айтты.