Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, қашып кеткен адам бірінші өзіне қол жұмсамақ болған. Кейін облыстық ПД өкілдері ақпаратты растады.
“Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды", - деді ПД өкілдері.
Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.