Bugin
Фото: freepik.com
"Шымкент-Астана" пойызында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті.
21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. Оның анасы күйеуімен Шымкенттен Астанаға бара жатқан.
Соңғы 3 жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.