Bugin
Фото: uww.asia
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нұрасыл Болат тойға барамын деп, бас бостандығынан айырылып қалды. Сот бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысты қарады. Жоғарғы Соттың мәліметінше, бұған дейін Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.
Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.