Bugin
Фото: freepik.com
Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Маңғыстау соттарының мәліметінше, ер адам әйелінің жүктілігіне де қарамай, жұрттың көзінше тепкілеген. Кейін пышақ сұққан. Осылайша әйелінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сот шешімімен ер адам 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.