Bugin

Назарбаевтың үйінен қаралы хабар келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

77 жастан асқан Светлана Назарбаева көз жұмды. Светлана Сатыбалды Назарбаевтың жары. Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.

Ол Еңбек жолын 1970 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1981-1984 жылдары Алматы қаласы Ауэзов ауданы №91 мектептің директор орынбасары болды. 1984-2003 жылдары №24 мектептің, кейін №130 гимназияның директоры қызметін атқарды.