ҚОҒАМ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданы, "Жібек жолы" кеден бекетінде Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастауымен "Тазалық – табалдырықтан басталады" атты сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке, 106 қызметкер атсалысып, 6 техника тартылды. Сенбілік барысында кеден бекетінің аумағында 60 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. 1 шақырым жол бойы ретке келтіріліп, әктеліп, сырланды және каналдың іші, аумағы тазаланып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке кеден бекетіне жақын орналасқан кәсіпкерлік нысандары иелері мен тұрғындар да атсалысты.