Bugin
Фото: freepik
20-дан астам адам кәмелетке толмаған баланың алаяқтық схемасынан зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана прокуратурасының мәліметінше, алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген.
“Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22 пайыз, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10 пайыз түріндегі сыйақы үлесін алатындарын айтып алдаған. Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 миллион теңгеден аса ақшалай қаражатын жымқырған", - делінген хабарламада.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады.