Bugin

Депутат мас күйде ауыл ақсақалын қарумен қорқытқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты 60 жастағы ауыл тұрғынын қарумен қорқытқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы депутат мас күйінде көлік жүргізген. Полиция күдіктіні ұстады.

Күдіктіге қатысты “ұсақ бұзақылық” бабымен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамалды. 

Қылмыстық істі Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауына алды.