Bugin
Фото: elbasy.kz
Қ. Тоқаев Республика күніне орай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президенттің сөзінше, қазіргі Қазақ мемлекетін құру ісінде Назарбаев шешуші тарихи рөл атқарған.
“Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. "Жақсының жақсылығын айт" деген халқымыз. Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс”, – деді президент.
Ел президенті қазақстандықтарды заңға бағынуға, тәртіппен жүруге шақырды.
“Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет. Әрине, заңның қатаңдығына наразылық білдіріп, "қылбұрау салып жатыр" деп ойлайтын адамдар табылады. Бірақ жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер – халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар. Мемлекет қылмысқа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру үшін шара қабылдауды жалғастырады. Бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен күреседі” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент халықты бір-біріне тілеулес болуға шақырды.