Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында 23 пен 18 жас аралығындағы 4 жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Оқиға қазан айының ортасында болған. Тұздыбастау ауылында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің бірі қыздың танысы болған. Ол бойжеткен жаттығу залынан шыққанда үйіне алып қайтуды ұсынған екен. Қыз танысының ұсынысына күдіктенбей, көлікке отырған. Ол жерде тағы үш жігіт болған. Кейін олар қызды зорлап, ешкімге айтпауын тапсырған.