Bugin

Жамбыл облысындағы әкімдер бітпеген жол үшін ақша аударған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жамбыл облысындағы Ақтоған, Ақермен және Сарымолдаев ауырдарындағы әкімдер толық бітпеген жолға ақша аударған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Шенеуніктер төселген жолды талапқа сай тексермей, 70 миллион теңгеге жуық қаражатты аударып жіберген. Меркі ауданындағы үш ауылдың әкімі 20 көшені тендер арқылы жөндеткені анықталды. 

Антикор мамандары жолдың сапасыз екенін анықтады. Мердігерлер жолды жұқа қылып, соңына дейін жеткізбей ұзындығын да қысқартып қойған.