Bugin
Фото: freeepik.com
Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.
"Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған.