Bugin
Фото: freepik.com
Түркістан облысының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі қолданушыларын сан соқтырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ-нің мәліметінше, күдікті инстаграм платформасын өзінің заңсыз әрекеттерін жүзеге асыру үшін қолданған. Ол қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды несие тарихына қарамастан қаржы алуға мүмкіндігі барын айтып, алдаған. Күдікті қызметі үшін әртүрлі сомада ақша аударуды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілермен барлық байланысты үзіп, ізін суытқан.
Алаяқтың арбауына түскен 16 азаматтың шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.