Bugin
Фото: freepik.com
Норвегияда 15 жасқа толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желіні қолдана алмайтын заң енеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Новегияда әлеуметтік желі жастардың санасына кері әсер етіп жатқанын айтып, наразылық танытқандар көп болған. Норвегия заңы бұған дейін 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні шектеген еді. Елде 10 жастағы балалардың 58%-ы, 11 жастағы балалардың 72% әлеуметтік желіні пайдаланады.
Австралия билігі де қыркүйекте осыған ұқсас заңды бекітті. Онда ең төменгі жас әлі белгіленген жоқ. Бірақ төменгі шек 14 пен 16 жас аралығында болады.