Bugin
Фото: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев " БРИКС+/аутрич" пленарлық отырысында Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президент Таяу Шығыстағы жағдайларға алаңдаулы екенін айтты.
“Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі туралы алаңдаушылығымен бөліседі. Бұл көптеген адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкелді. Біздің ойымызша, кедейлік, теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты қақтығыстардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді”, - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін елімізде ЛРТ қашан іске қосылатыны туралы хабарлаған едік.