Bugin
Фото: freepik.com
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласын айқын жеңді.
Өткен жылы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл Қазақстан тарихындағы еркін күрес балуандары арасындағы алғашқы алтын.