Bugin

Қазақтың ақын қызы өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фото: Қ.Бақтиярқызының инстаграм парақшасынан

Белгілі ақын, сазгер Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақын 1 жыл бұрын денсаулығы сыр бергені туралы айтқан еді.  Оған күрделі операция жасалған.

"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. Төрт күн өту керек. "Сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады" деген дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған ғой",-деп жазған еді ақын.

Ақынның қаза болғанын қызы да мәлімдеді. 

“Анашым Раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын Ханшайым, Толғанай, кенжесі Сұңқар”, - деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде екенін хабарлаған едік.