Bugin
Фото: freepik.com
Каспий жағалауынан 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қызыл кітапқа енгізілген 100-ден астам итбалықтың өлексесін теңіз дауылы жағалауға шығарып тастаған.
24 қазанда Жайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында итбалықтардың өлексесін тапты. Ол жерге инспекция, жергілікті атқарушы органдар, гидробиология және экология институты, “Qazaq balyk”республикалық балық шаруашылығы және аква-мәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері жедел жетіп, мән-жайды анықтап жатыр. Итбалықтардың қырылуының себебі тиісті зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады.