Bugin

Қазақ тілінде сөйлейік: 'Мен қазақша сөйлеймін' акциясы – бірлігіміздің белгісі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту  және ономастика бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 “Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарын бекіту туралы” қаулысын жүзеге асыру мақсатында “Мен қазақша сөйлеймін” атты қалалық акциясын  өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қала тұрғындары арасында насихаттау, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін арттыру, нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Акция 21-25 қазан аралығында Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық орындарында жүргізілді. Атап айтсақ, “Mega Alma-Ata” сауда және ойын-сауық орталығында,  Достық даңғылында, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында, Жібек жолы даңғылында (Арбат) және Абай даңғылының бойында ұйымдастырылды. Акцияға барлығы 200-ге тарта өзге этнос өкілі қатысты. Қатысушыларға ҚР маңызды даталар, Қазақстан тарихы, көрнекті тұлғалар, мақал-мәтелдер, әндер, күйлер, ақын-жазушылардың шығармашылығы және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Қала тұрғындары мен қала қонақтары акция кезінде белсенділік танытып, болып қазақтың халық әндерін шырқап, ұлттық билерін де билеп берді. Акцияға қатысқан ең жас қатысушы 9 жаста болса, ең үлкен қатысушы 60 жаста болды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды және білгір қатысушылар арасында күн сайын бір ірі сыйлық ойнатылды. Ондай сыйлық бірінші күні Абай Құнанбаевтың өлеңін оқып берген жас қатысушыға берілсе, үшінші күні екі сыйлық  қазақтың халық әнін орындап берген екі қатысушыға берілді, ал төртінші күні ҚР мемлекеттік Гимнін шырқаған қатысушыға берілсе, бесінші күні “Атамекен” әнін орындап берген қатысушыға табысталды.

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Акция нәтижесінде қазақ тілін меңгерген өзге этнос өкілдеріне қолдау көрсетілді және мемлекеттік тілді меңгеру қала тұрғындары арасында насихаталды. Жобаны ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысты.