Bugin

“Жездем тиісті”: Келіншек жастық шағындағы жаға ұстатар сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде өзіне келген хаттың бірін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Хат авторы жас кезінде жездесінің тиіскенін айтты.

“Ата-анам жақсы адамдар болды. Олар мені баласымен ойнасын деп әпкемнің үйіне жіберетін. Кішкентай кезімде жездем жаныма жатып, тиісетін. Мен ешкімге айта алмадым. Бала болдым. Кейін мен өскесін жаныма жоламай қойды. Оқуға кеттім. Сол кезде қыз емеспін деп ойладым”, - дейді хат авторы. 

Келіншек қазір күйеуінің барын айтты. Бірақ бала кездегі қиын тағдыры жиі еске түседі екен.